10.02.2015 - Ұлттық Тестілеу Орталығы қызметкерлерінің арасындағы шағын футболдан жарыс

2015 жылдың 7 ақпанында С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің спорт кешенінде Ұлттық тестілеу орталығының спорт тарихында алғаш рет қызметкерлер арасында футбол жарысы өткізілді.Алыптар додасы Қазақстан Республикасының Әнұранының шырқалуымен және ҰТО-ның директоры Әбдиев Қали Сейілбекұлының құттықтауымен басталды.Жарыста 6 команда қатысты.Әр команда 2 тайм, яғни 20 минутқа созылған қызықты футбол ойынын ұсынды.Ақтық ойын 40 минутқа жалғасты.Ең үздік боп танылған «Мырзалар» тобы «Алтын кубокты» иеленді.Екінші орын «Астана юнайтед» командасының еншісінде болды.«УИТ» командасы үшінші орынды қанағат етті. «Үздік қақпашы», «Үздік футболист»,«Жеңіске деген құлшынысы үшін», «Әділ ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша ойыншылар мақтау қағазымен марапатталды.