29.12.2014 - 2014 жылғы педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін өткізу туралы АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында (қарашада – негізгі, желтоқсанда – қайта тестілеу) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі өткізілді.

Біліктілік тестілеу - мерзімінен бұрын аттестатталатын педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің саны 14292-ны құрады (2013 жылы 12394 адам болған), оның ішінде қазақ тілінде – 10500 (73,47%), орыс тілінде – 3792 (26,53%) адам.

Тестілеуге ең көп өтініш берген облыстар: Оңтүстік Қазақстан - 3129, Қызылорда - 1640, Атырау - 1099. Ең аз өтініш берген облыстар: Астана қаласы - 329, Павлодар – 381, Ақмола облысы – 393.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 13848 (2013 жылы қатысқандар саны - 11882 болған), оның ішінде қазақ тілінде – 10149, орыс тілінде – 3699 адам.

Тестілеу нәтижесі:

- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50%;

- педагогика және психология негіздері бойынша - 50%;

- негізгі пән бойынша - 70%-дан төмен болмаған жағдайда қанағаттанарлық болып есептелінеді.

Тестілеу нәтижесі бойынша педагог қызметкерлердің 5277-сі межелік балдан өтпеді, немесе ол жалпы қатысушылардың – 38,11%-ын құрайды. 2013 жылы 5543 педагог (ол жалпы қатысушылардың 46,65%) межелік балдан өтпеген болатын.

«Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу» топтамасы бойынша тестілеуге қатысқан 13848 педагогтардың 9 балдық межелік деңгейден өте алмағандарының саны – 775, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың 5,60%-ын құрайды.

«Педагогика және психология негіздері» топтамасы бойынша тестілеуге – 13848 педагог қатысқан, олардың 9 балдық межелік деңгейден өте алмағандар саны – 2512 адам, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың 18,14%-ын құрайды.

«Пәндік білім негіздері» топтамасы бойынша тестілеуге - 13034 педагог қызметкерлер қатысқан, олардың 13 балдық межелік деңгейден өте алмағандарының саны – 4014 адам, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың 30,80%-ын құрайды.

Педагог қызметкерлерді тест тапсырмаларының үлгісімен таныстыру және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс дағдысын қалыптастыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау online-тестілеуінен өтуге мүмкіндік берілген. Биылғы жылы online-тестілеуінен өткендер саны – 5976 болды.