12.12.2014 - Жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауды талқылау бойынша мәжіліс

2014 жылдың 11 желтоқсанында Ұлттық тестілеу орталығында Қазақстан Ресбуликасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевтың төрағалығымен жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауды талқылау бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске қатысқандар: Жоғары, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық қатынастар департаментінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің, Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері және де Астана қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары.

Мәжіліс барысында 2014 жылғы оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері талқыланып, 2015-2016 жылдары оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысатын мамандықтар бойынша пәндер тізілімін анықтау және оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың алдағы дамуы туралы мәселелер қарастырылды.