03.12.2014 - ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық көрмеге қатысты

2014 жылдың 26-28 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Астана қаласы әкімдігінің Білім беру басқамасының ресми қолдауымен Көрме орталығында «Атакент-Экспо» ұйымы «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» ХІІ Халықаралық көрмесін ұйымдастырды.

Көрме аясында Ұлттық тестілеу орталығы Біріңғай ұлттық тестілеуге даярлықтың шешуші кезеңдерінің бірі болып табылатын байқау сынағын тегін өткізді. Сонымен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік материалдары мен тест тапсырмалары жинақтарын, көрме құралдары мен ақпараттық таратпаларын көрмеге қатысушылар назарына ұсынды. Көрмеде үш күн бойы білім беру мекемелері ашық есік күндерін ұйымдастырып, насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Көрмеге отандық оқу орындарымен қатар шетелдік беделді оқу орындарының, оқу орталықтарының, білім саласында қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысты. Бірнеше баспа үйлері, типография мен полиграфиялық қызмет түрлерін ұсынатын мекемелер өз өнімдерін ұсынды.

«ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» көрмесі он бір жылдың ішінде Астана қаласындағы білім беру жүйесіндегі ең ауқымды шаралардың бірі болды.