03.12.2014 - XII Халықаралық «XXI ғасырдағы білім және ғылым - 2014» көрмесі.

2014 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Астана қаласының «Көрме» орталығында XII Халықаралық «XXI ғасырдағы білім және ғылым - 2014» атты көрме өткізілді.

«XXI ғасырдағы білім және ғылым - 2014» көрме жұмысында Қазақстан, Ресей Федерациясы, Германия, Түркия, Украина, Чехия, Швейцарияның 70-тен астам білім және ғылым саласындағы жетекші ұйымдары мен кәсіпорындары қатысты.

3 күнге ұласқан көрмеде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ пәндері бойынша мектеп, лицейлерде білім алушыларға байқау сынағын өткізді.