10.11.2014 - 2014 жылы бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 406 «2014 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы қараша айының 4-7 аралығында жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) 107 желілік жоо студентерінің қатысуымен 49 жоо-ның базасында өткізілді.

2014-2015 оқу жылында ОЖСБ-ға 6 бағыт 67 мамандық бойынша бітіруші курс студенттері қатысты:

• Құқық – 3 мамандық;

• Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 6 мамандық;

• Жаратылыстану ғылымдар – 12 мамандық;

• Техникалық ғылымдар және технологиялар – 28 мамандық;

• Ауылшаруашылық ғылымдар – 12 мамандық;

• Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) – 6 мамандық.

Тестілеуге 46202 студент қатысты, оның ішінде, қазақ бөлімі – 27107, орыс бөлімі – 19095.

Республика бойынша орташа балл 81,04 құрады. Студенттердің бағыттар бойынша орташа балы:

• Құқық – 74, 5;

• Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 87,37;

• Жаратылыстану ғылымдар – 83,02;

• Техникалық ғылымдар және технологиялар – 72,53;

• Ауылшаруашылық ғылымдар – 92,85;

• Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) – 100,21.

ОЖСБ қорытындысы бойынша, барлық пәндер бойынша «5» алған 974 студентке сертификат беріледі.