05.11.2014 - ҚАЗТЕСТ сайты жаңарды

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ сайтының жаңа нұсқасы интернет пайдаланушыларға жол тартты. Сайт элементтері сұранысқа сай жаңартылды. ҚАЗТЕСТ тестілеуін өту кезіндегі жауап парақтарын толтыру, тестілеу өткізу ережесі туралы бейнеролик ҚАЗТЕСТ тестілеуі туралы толығырақ ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Он-лайн тестілеуіне ыңғайлылық тұрғысынан да тестілеу элементтері жаңа нұсқада ұсынылып отыр. Тіркелу мен тестілеу өту терезесі негізгі жұмыс экранының жоғарғы жағынан орын алып, жеке кабинетке кіру мүмкіндігі жеңілдетілді. Фото, бейне материалдар мен инфографика элементтері ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы негізгі ақпараттарды «қысқа әрі нұсқа» қағидаты бойынша алуға мүмкіндік туғызады.

Сайттың мобильді нұсқасы мен көру мүмкіндігі нашарлау азаматтарға арналған сайт элементтері де қарастырылып отыр.

ҚАЗТЕСТ оқу-әдістемелік құралдары туралы мәліметтер мен олардың мазмұны туралы ақпараттар жаңа нұсқада берілген.

Құрметті сайт қонақтары, ҚАЗТЕСТ сайты бойынша ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді info@kazakhtest.kz электрондық поштасына жолдай аласыздар. Уақыт бөліп, сайттың дамуына қосқан үлестеріңізге алғыс білдіреміз.