13.10.2014 - 2014 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 406 «2014 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы қараша айының 4-8 аралығында жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) 49 ЖОО-ның базасында өткізіледі.

2014 жылғы ОЖСБ-ға 6 бағыт бойынша: Құқық; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыстану ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технологиялар, Ауылшаруашылығы ғылымдары; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 67 мамандықтың студенттері қатысады.

2014 жылғы ОЖСБ-ны өткізу үшін, 2014-2015 оқу жылының соңғы курс студенттерінің деректер қоры қалыптастырылды. Деректер қорына сәйкес студенттер саны – 51 136, оның ішінде, қазақ бөлімінің студенттері – 29 176, орыс бөлімінің студенттері – 21 960.