30.09.2014 - Қазақстан Республикасының азамматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін өткізілген кешенді тестілеудің қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 351 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының азамматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін кешенді тестілеу өткізілді.

Аталған шараны өткізу үшін Ұлттық тестілеу орталығы емтихан материалдарын әзірледі, әзірленген емтихан материалдары тестілеу өткізілетін орындарға жеткізілді, сонымен қатар тестілеу нәтижесін өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жіберілді.

Тестілеу 2014 жылдың 29 тамызы және 25 қыркүйегінде 2 кезеңде 6 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.);

2. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қ.);

3. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті (Орал қ.);

4. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.);

5. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (Тараз қ.);

6. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.).

Аталған жоғары оқу орындарында өткізілген тестілеуге 1342 адам қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 1275 адам, орыс тілінде – 67 адам тестілеуден өтті.

Сонымен қатар, аталған азаматтарға арналған тестілеу Моңғолия мен Тәжікстан Республикасының территорияларында да өткізілді, тестілеуге 194 адам қатысты.

Тестілеу аяқталғаннан кейін, түсу емтихандарының нәтижелерін жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың және шетел азаматтарының кешенді тестілеу нәтижелерін қарау жөніндегі Комиссия қарастырады.

Аталған комиссия жұмысының нәтижесі үміткерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылар қатарына қабылдау туралы шешім болып табылады.